Бұл жинақ ең алдымен баланың ғылымға құштарлығын ашуға көмектеседі. Ересектер кейде баланың көңіл қалауларын түсіне алмай жатады. Осы тақырыпты ашу үшін ағайынды Диас пен Мирас кішкентайлардың өмірін жеңілдететін құрылғыларды ойлап табады. Екеуінің ашқан жаңалығы мен олардың қиялынан туған заттар кітапта жеңіл əрі қызықты форматта берілген.