Балаларға арналған ертегілер

МИССИЯ

Бала тәрбиелеп отырған ата-анаға көмектесу

Ертегі арқылы баланың қиялын дамыта аласыз. Туындаған сұрағына жауап беріп баланың көкжиегін кеңейтесіз.Тыйым мен шектеулерді дауыс көтеріп не ашуланып жеткізбеңіз. Жай ғана айтқыңыз келген тақырыпқа сәйкес ертегіні таңдаңыз.

Ертегі кейіпкерінің есімін балаңыздың атына ауыстыруға болады.

Жүктеу

Кітаптар

Барлығы
«Берке аю және кәсіп» кітабы
Таным құндылығы

1690₸

Берке аю туралы бірнеше қысқаша ертегілерден тұрады. Кәсіп деген не, ақшаны қайдан алады, оны қалай жұмсағаны дұрыс, бағалар неге өзгереді деген сұрақтардың жауабы бар.

«Бала қайда ұйықтайды» кітабы
Таным құндылығы

850₸

Бұл аңдар мен олардың төлдері туралы өлеңдер жинағы. Жарқын суреттер мен сан бояулы кескіндер балалардың кітапты тез қабылдауына жағымды көмектеседі. Ақпарат өлең шумақтары арқылы берілгендіктен, ата-ананың қызықты етіп оқып беруіне де, баланың тез жаттауына да жеңіл болатынына сенеміз!

«ORDA ертегілері» толық жинақ кітабы
Адамдық және ұлттық құндылықтар

2590₸

Адамзат, ұлттық, таным құндылықтары негізінде жазылған 33 ертегі жинақталған кітап. Əр ертегінің соңында QR-код берілген, сол арқылы ертегінің кəсіби жасалған аудио нұсқасын тыңдауға болады. Əр ертегіге мазмұнын ашатын арнайы суреттен салынған.

«Атам айтқан ORDA ертегілері» кітабы
Адамдық және ұлттық құндылықтар

1650₸

Бұл жинақта адамзат, ұлттық, таным құндылықтары негізінде жазылған жас авторлардың 11 ертегісі жинақталған кітап. Әр ертегінің соңында QR-код берілген, сол арқылы ертегінің кәсіби жасалған аудио нұсқасын тыңдауға болады. Әр ертегіге мазмұнын ашатын арнайы 2 суреттен салғызылды /көшіріліп алынбаған/.

«Мирас & Диас: ИНЕСАУЫТ» кітабы
Таным құндылығы

850₸

Бұл жинақ ең алдымен баланың ғылымға құштарлығын ашуға көмектеседі. Ересектер кейде баланың көңіл қалауларын түсіне алмай жатады. Осы тақырыпты ашу үшін ағайынды Диас пен Мирас кішкентайлардың өмірін жеңілдететін құрылғыларды ойлап табады. Екеуінің ашқан жаңалығы мен олардың қиялынан туған заттар кітапта жеңіл əрі қызықты форматта берілген.

«Әлем халықтарынан ORDA ертегілері» кітабы
Адамдық және ұлттық құндылықтар

1690₸

Әлем халықтарының ертегілерінің үздік үлгілерінің қазақ тіліне жаңадан аударылған жинағы. Жинақ ішіндегі QR код арқылы ертегінің аудионұсқасымен қоса, мобильді нұсқасын жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Кітап суреттері ешжерден көшірілмей, команданың авторлық жұмысы болып табылады.

«Бес таным» кітабы
Таным құндылығы

850₸

Бұл кітапта адамның сезім мүшелері туралы жазылған. Жеңіл әрі түсінікті өлең форматында ұсынылған бұл жинақ балалардың жаттап айтуға деген ықыласын ашады деп білеміз. Ал жарқын суреттер мен ашық бояулы кескіндер сәбилердің кітапты тез қабылдауына көмектесетіні сөзсіз.

«Мың бояулы ORDA» боямағы
Адами және таным құндылығы

890₸

Еш жерде жарияланбаған жаңа 15 ертегіге боямақтар жинағы. Әр ертегіні QR-код арқылы кәсіби аудио нұсқасын тыңдауға болады. Әр ертегіге мазмұнын ашатын 1 суреттен арнайы салынған.

«Мирас & Диас: SUPER КИІМ» кітабы
Таным құндылығы

850₸

Бұл жинақ ең алдымен баланың ғылымға құштарлығын ашуға көмектеседі. Ересектер кейде баланың көңіл қалауларын түсіне алмай жатады. Осы тақырыпты ашу үшін ағайынды Диас пен Мирас кішкентайлардың өмірін жеңілдететін құрылғыларды ойлап табады. Екеуінің ашқан жаңалығы мен олардың қиялынан туған заттар кітапта жеңіл əрі қызықты форматта берілген.

«Бұл қай сезім?» кітабы
Таным құндылығы

850₸

Бұл жинақ ең алдымен адамның эмоциялары мен олардың жалпы түсініктері туралы баяндайды. Эмоционалды зияткерлікті дамытудың не үшін маңызды екенін Айзере есімді кішкентай қыздың мысалында беріледі. Кітаптағы қарапайым эмоциялар күнделікті тұрмыста кездесетін жағдайлармен сипатталған.

Жоба жайлы

МӘЛІМЕТ

ҚР тәуелсіздігімен түйедей құрдас қыз-жігіттердің балалары қазір бала-бақшаға барады. Олар қазақ тілінде контенттің жоғына жабырқайды. Бүгінгі таңда елімізде балаларға арналған жалғыз телеарна, жалғыз баспа бар.

Ordagen тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы септік етеді. Ең көп оқылған ертегілер мультфильмге айналады.

OrdaGen Mobile

Ұялы телефондағы «AppStore» немесе «Play Market»-ке кіріңіз. Мобильді қосымшамызды жүктеп алыңыз.

Ертегіні таңдап, аудиосын қосуға 3-5 секундыңыз кетеді. Бір ертегі аяқталған соң үзіліс жасасаңыз болады.

Бір апта бойы балаңызға тыңдататын ертегілердің тізімін жасап қойсаңыз болады. Ол үшін «Кейінірек оқу» тетігін басасыз.

Ертегі қандай
форматта болады?

Кітап

Әріп танитын бала өзі-ақ оқыса болады.

Аудио

Әріп танымайтын балаға тыңдатсаңыз болады.

Мультфильм

Ең көп оқылған, тыңдалған ертегілердің мультфильм нұсқасы пайда болады.

ЕСКЕРТУ!

Ертегілердің кітап нұсқасы мен аудио нұсқасы болғанымен, барлық ертегінің мультфильм нұсқасы бола бермейді.

Ертегі контенті қалай көмектеседі?

Енді балаңыз ...

Адами құндылықтар

  • Үлкенді құрметтейді;
  • Бауырына қамқор болады;
  • Жақсы менен жаманды ажыратады;
  • Еңбекті бағалайды;
  • Біреудің пікірін сыйлайды;
  • Өтірік айтпайды;
  • Досына адал болады;

Ұлттық құндылықтар

  • Ата-ананы яғни сізді құрметтейді;
  • Ата-әжесін сыйлайды
  • Ұлтын сүйеді;
  • Тәуелсіздік ұғымымен танысады;
  • Еліне, жеріне жаны ашиды;
  • Салт-дәстүрдің мәнін ұғады;
  • Қазақ тіліне деген махаббаты артады;
  • Ұлттық аспаптармен танысады;

Танымдық құндылықтар

  • Сұрақ қояды;
  • Ой-өрісі дамиды;
  • Ізденеді;
  • Армандай бастайды;
  • Мақсатқа ұмтылады;
  • Жаңалық ашуға құмар болады;
  • Еңбекке араласады;
  • Рухани дамиды;

Қоршаған орта құндылықтары

  • Табиғатты аялайды;
  • Қоқыс тастамайды;
  • Жан-жануарға зәбір көрсетпейді;
  • Жауапкершілікті сезінеді;

Автор атаныңыз

  • - Ертегі жаза аласыз ба?
  • - Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқыңыз келе ме?
  • - Балаңызды таңқалдыруды қалайсыз ба?
Хабарласыңыз
Сізге бәрін жақсылап түсіндіреміз

Себетте кітаптың бағасы - 4500

Төлемге өту